Атырауда игерілмеген жерлер қайтарылып жатыр

541

Атырау облысында ауылшаруашылығы мақсатында берілгенмен, игерілмей тұрған жер учаскелері мемлекетке қайтарылып жатыр.    

Атырауда игерілмеген жерлер қайтарылып жатыр Фото: inform.kz

Жыл соңына дейін өңір 210 га жерді мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Қазіргі күні осындай 185 жер учаскесі қайтарылған. Олардың ішінде ең көп игерілмеген 90 мың га жер Индер ауданына тиесілі, одан кейінгі орындарды Құрманғазы ауданы мен Атырау қаласы иеленеді. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқалидың сөзінше, 2022 жылдың қыркүйек айына дейін мораторий жарияланғандықтан, ауылшаруашылығы мақсатына берілген жер телімдері оның күші жойылғасын барып тексерілген. Қазіргі күні жерді алуын алғанмен, еш әрекет жасамаған иелеріне түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Мемлекет меншігіне қайта берілген жерлер одан кейін қайтадан конкурсқа қойылады.

"Бізде ауыл шаруашылығын жүргізуге берілген жерлердің қаншалықты игерілгендігіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, игерілмеген 34 446 га жерді құрайтын 118 жер учаскесі анықталды. Олардың меншік иелерімен жеке сөйлесу нәтижесінде 9514 гектарды құрайтын 20 меншік иесі бірегейлендіру дерекқорына ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеп, игере бастады", - дейді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу