Атырауда инфекциялық стационар жабылды

839

Өңірде оң өзгеріс бар.  

Атырауда инфекциялық стационар жабылды

Атырау облысында коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны азайып, №1 облыстық аурухана жанындағы 230 орындық инфекциялық стационар жабылып жатыр, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазірдің өзінде медициналық мекемеден төрт науқас шығарылған, бұған дейін олар пневмония және өкпе қабынуының әртүрлі дәрежесімен медициналық мекемеде ем алыпты. Тағы бес науқас аурухананың басқа бөлімшесінде ковидтан кейінгі оңалтудан өтпек.

"Аурухана жанындағы инфекциялық стационар шілде айында ашылды. Сол себепті науқастарды жоспарлы қабылдауды тоқтатып, алты бөлімшені басқа ауруханаларға ауыстыруға тура келді. Пандемия басталғалы бері бізде 446 науқас емделді, барлығы өңірдің әртүрлі инфекциялық стационарларынан ауыр хәлде түскен. Бүгінде көпшілігі үйлеріне шығарылды", - дейді №1 облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Сондай-ақ 15 қыркүйек күні Атырау облысында кардиологиялық орталық, теміржол ауруханасы және колледждер жатақханасы жанындағы инфекциялық стационарлар жабылуы мүмкін.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу