Атырауда інжір өнім берді

697

Оның бір өскінінен 50 келіден артық алуға болады.  

Атырауда інжір өнім берді

Атырау облысында  інжірдің алғашқы өнімі жеміс берді. Оны өсірген – жергілікті фермер Владимир Розметов.

"Осыдан жиырма жыл бұрын біз лимон өсірген едік. Ол кейін жақсы өнім беріп кетті. Содан кейін тәжірибе ретінде інжір ектік. Біз ақылдасқан өзбек ғалымы біздің жерімізде оны жылыжайда ғана емес, ашық жерде де өсіруге болатынын айтқан. Бірақ, оны қысқа қарай жүзім сияқты жауып қою керек екен. Сондықтан, келесі жылы біз үшін экзотика болып саналатын осы өнімнің бір гектарын егіп қоймақпын" дейді "АтырауАгроӨнімдері" шаруа қожалығының жетекшісі.

Белгілі болғандай, інжірден бір өскінінен 50 келіден артық алуға болады.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу