Атырауда ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген шенеунікке сот үкімі шықты

1142

Оған ауыл шаруашылығына кооперативіне 83,7 млн теңге көлемінде субсидияны заңсыз берді деп айып тағылған.

Атырауда ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген шенеунікке сот үкімі шықты

Атырауда облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пен оның Нұрлан Бисембаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы orda.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау қаласындағы №2 соты облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пен оның серіктесі, "Бұжырғын" кооперативінің директоры Нұрлан Бисембаевты ақтады.

Шенеунік "Бұжырғын" кооперативіне 83,7 млн теңге көлемінде субсидияны заңсыз төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

"Сот Нұрлыбаев пен Бисембаевты кінәсіз деп таныды. Себебі сотталушылардың әрекетінде қылмыс құрамы болмаған", – деді судья Ержан Әліпқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу