"Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері "Бекіре – 2023" балық қорғау акциясы кезінде Құрманғазы ауданындағы Шарон өзенінен екі тұрғынды ұстады. 1987 және 1991 жылғы екі адам мінген қайықты тексеру кезінде жалпы салмағы 1 тонна 203 келіні құрайтын сазан, жайын, көксерке, құтықаракөз балықтары тәркіленді. Ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Атырау қаласының 33 жастағы тұрғынының үйінің ауласындағы сарайна тексеру жүргізілген.
Сарайдағы тоңазытқыштан 12 келі бекіре тұқымдас, 13 келіні қара балығы табылған.
Тәркіленген балықтар "Жайық-Атырау" бекіре шабағын өсіру зауытына тапсырылған.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық із қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.