Атырауда ит талаған бала облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр

714

Баланың жағдайы қалыпты, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырауда ит талаған бала облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр

18 қараша күні сағат 16.00-де 2 жасар бала Атырау облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне әкелінген. Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігер-травматологы Жақсылық Мағзомовтың айтуынша, баланың жарақаты орташа жағдайда. 

"Сәрсенбі күні бала ауруханаға жеткізілген бойда жарақат бөлімінде алғашқы көмек көрсетілді. Тістелген жараларға хирургиялық өңдеу жасалды.
Баланың басы мен қолына орташа деңгейде зақым келген. Жаралары таңылып, ем берілуде. Бала қазір травматология бөлімінде анасымен бірге жатыр",- деді Жақсылық Мағзомов.

Еске сала кетелік, Атырау қаласына қарасты Жұлдыз ықшам ауданынан 2018 жылы туған баланы ит талаған. Сол бойда сәби ауруханаға жеткізілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу