Атырауда итке байланысты көршілер дауы аяқталған жоқ

725

Кінәлі тарап айыппұл көлемімен келіспей отыр.

Атырауда итке байланысты көршілер дауы аяқталған жоқ

Атырауда көршісінің итін айырмен шаншып өлтіретін тұрғынға байланысты оқиғаның нүктесі қойылмапты. Енді айыр иесі сот шешімімен салынған 900 мың теңгені ешқашан төлемейтінін және онымен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым беріп отыр. Айтуынша, көршісінің иті қабаған болған, балалар одан қорыққанннан жүріп-тұрудан да қалыпты. 

Даудың басы 29 қыркүйек күні әлдебір иттің қала тұрғынының 4 жасар баласын қауып алғанынан басталады. Ол болған жайға көршісінің итін кінәлап, оны балаларының көзінше айырмен шаншып өлтіреді. 

"Бұл кезде менің итім шынжырлаулы тұрған. Көршім келіп, айқай салғаннан кейін камерасы бар үйлерден қарап шықтым, бала біздің үйге, тіпті, жақындамаған да. Тағы бір көршіміздің екі иті бар, біреуі овчарка, ол бала сол итті құлағынан, мойнынан тартып, үстіне мініп ойнап жүретінін талай көргенбіз, мүмкін, сол шығар",  –  дейді өлтірілген иттің иесі Анатолий Ерачин.

Істі қараған №2 қалалық соты тұрғынды ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігі, яғни "Жас балалардың көз алдында жануарлардың өліміне әкеп соққан қатыгездік жасау" бабы бойынша кінәлі деп тауып, 55 560 теңге айыппұл жазасын тағайындады", –  деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Кейін белгілі болғандай, бұл соманың үстіне моральдық шығын қосылып, 900 мың теңгеге дейін жеткен. Қазіргі күні бұл еліміздегі аталған бап бойынша қарастырылған ең жоғары сома екен. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу