Атырауда иттерді аяусыз атып, қинағандар ұсталды

842

Атырауда  иттің басын тоңазытқышқа қысып, өзі оның үстіне шығып алған ер адамның кім екені анықталды. Облыстық полиция департаменті оны қамауға алғанын мәлімдеді. 

Атырауда иттерді аяусыз атып, қинағандар ұсталды

Белгілі болғандай, ол – Еркінқала ауылының Марғұлан есімді тұрғыны болып шықты. Оның ерсі қылығын 31 мамыр күні таныстары бейнетаспаға түсіріп алған. Бейнежазба Instagram  арқылы "Қайырымды жүрек" тобының көмегімен кең таралып, жұртшылықтың ашу-ызасын тудырған еді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам иттің басын тоңазытқыштың есігіне қысып, қылғындырған. Ол куәгерлер "Мака, бізше шашлық керек емес" дегеніне қарамастан жануарды қинауын жалғастыра береді.

Сондай-ақ, бұған дейін Атырау маңындағы елдімекендердің бірінде екі ер адамның иттерді атқан фото және бейнетаспалары да тараған еді. Олар өздерінің не істеп жатқанын жариялаған топ әкімшілерін қорқытпақ болып, қоқан-лоқы да көрсеткен. Қазірде осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің жануарларды қинап, ұрып-соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі іс тергелуде.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу