Атырауда із-түзсіз жоғалған 11 жасар жасөспірімнің қайда жүргені белгілі болды

248

Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіледі.

Атырауда із-түзсіз жоғалған 11 жасар жасөспірімнің қайда жүргені белгілі болды Фото: Атырау облыстық ПД

Атырауда 11 жасар жасөспірім жоғалып кеткен еді. Жергілікті полицейлер мен еріктілер жасөспірімді бірнеше күн іздеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімнің табылғанын растады.

"Жасөспірімнің жоғалуына не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Өзінің айтуынша, шатырда түнеген",  делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мектеп оқушысының үйіне қандай себеппен оралмағаны әзірге белгісіз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу