Атырауда "КамАЗ" аударылып, 26 тонна мұнай төгілді

826

Қоршаған ортаға келген зиянның мөлшерін анықтау үшін тексеру басталды.

Атырауда "КамАЗ" аударылып, 26 тонна мұнай төгілді

Атырау облысындағы "Теңіз" кен орнының территориясында "КамАЗ" көлігі аударылып, 26 тонна мұнай төгілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Экология департаментінің мәліметінше, қоршаған ортаға келген зиянның мөлшерін анықтау үшін тексеру басталды.

"КамАЗ" көлігі "ЕМГ СтройСервис-Атырау" ЖШС-ға тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы жүргізуші рөльге ие бола алмай қалған. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу