Атырауда каналдың жағалауы бойындағы қамыс өртеніп, қызыл жалын 1,5 гектар аумақты шарпыды.
23 наурыз күні сағат 12:51-де Атырау қаласы Шакиров көшесі тұсында Перетаска каналының жағалауы бойында қамыс өртенді. Өрт саяжай учаскелеріне ұласып, салдарынан 1 жазғы үй мен шаруашылық құрылыс (сарай, тауық қора, жылыжай) бөліктері бүлінді. Қамыстың жану аумағы 1,5 гектарды құрайды”, - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, өрт сағат 15:04-те оқшауланып, сағат 15:37-де толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
“Өрттің себебі болжам бойынша саяжай учаскесінде қоқысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан туындап отыр. Өртті сөндіруге 53 адам мен 12 бірлік техника жұмылдырылды”, - деп хабарлады қалалық ТЖД.