"Атырау қаласының маңындағы Новокирпичный елді мекенінде орналасқан каналдың жағасында қамыс өртенді. Жалынды сөндіруге өрт сөндіру және авариялық-құтқару жедел қызметінің 9 қызметкері мен 3 арнайы техника тартылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде "Атақоныс" шаруа қожалығының аумағында далалық шөптің жанып жатқаны анықталды. Қамыс өрті 3 гектар аумаққа жайылған. Жалын кешкі сағат 19:50-де толықтай сөндірілді", – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу