Атырауда қант қызылшасын өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

464

Бұл жоба іске асса, өңір тұрғындары тәттіден таршылық көрмейді.  

Атырауда қант қызылшасын өңдейтін зауыт салынуы мүмкін Фото: egemen.kz

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, тәжірибе ретінде биыл тек 6 гектар аумаққа қант қызылшасы егіледі.

Қанатқақты жоба жемісті болса, инвестор тарту жұмыстары қолға алынбақ, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандар қант қызылшасын өсірудің егіншілер үшін қиындық тудырмайтынын айтады. Өйткені көкөніс күтіп-баптауды аса қажет етпейді екен.

"Әзірге Жайықтың екі жағына екі шаруашылықпен келісіп отырмыз. Қант қызылшасын егіп қарау керек. Ондағы мақсат қандай болады? Біздің жерімізде қант қызылшасының 1 гектарынан қанша өнім алуға болады? Оның өндірілген өнімі ішінде қанттың құрамы қандай болады? Соны анықтап-біліп және, біздің ойымызша, семинар жұмыстарын ұйымдастырып, Атырау облысынан мынадай өнімдерді өндіруге болады деп инвесторларды тарту", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Тілек Әміров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу