Атырауда Қарабатанға баратын жүкті қала көшелерімен алып жүреді

861

Жүк тиеген көліктер қаланың орталық көшелері арқылы "Бірлік" ықшамауданына өтіп, "Атырау-Доссор" тас жолына бағыт алады. 

Атырауда Қарабатанға баратын жүкті қала көшелерімен алып жүреді

Атырауда "Sarens Kazakhstan" ЖШС 14 маусым мен 18 шілде аралығында бес дана ірі габаритті технологиялық жабдықтарды "АтырауӨзен" портынан Қарабатан ауылының маңындағы газохимиялық зауытының құрылыс алаңына дейін тасымалдамақ. 

Жүк тиеген көліктер қаланың орталық көшелері арқылы "Бірлік" ықшамауданына өтіп, "Атырау-Доссор" тас жолына бағыт алады.Осыған орай, аталған көшелердегі кейбір бағдаршам немесе өзге де бағаналар жүк көлігіне кедергі келтірмес үшін алынып тасталады.

Сондай-ақ, тасымал уақытында көрсетілген көше жолдары уақытша жабылып, ыстық су , жылу желілері мен электр энергиясы ажыратылмақ. Қала билігі қолайсыздық бар-жоғы екі сағатқа ғана созылатынына сендіріп, тұрғындардың түсіністікпен қарауын сұрап отыр. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу