Атырауда каратэден Қазақстан спартакиадасы басталды

682

Турнирге еліміздің 12 аймағынан 150 спортшы қатысуда. 

Атырауда каратэден Қазақстан спартакиадасы басталды

Бүгін Атырау қаласында каратэден Қазақстан Спартакиадасы басталды. Турнирге еліміздің 12 аймағынан 150 спортшы қатысуда. Олар екі күн бойы ел үздігі атану үшін сынға түседі деп хабарлайды Olympic.kz. 

Спартакиадада еліміздің беткеұстар спортшылары да бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Азиада чемпионы Гузалия Гафурова, Ринат Сағындықов, Андрей Ақтауов, Дидар Әмірәлі, Сабина Захарова, Данияр Юлдашевтар Атырау төрінде үздік атануға тырысады. 

"Спартакиада әр спортшының өз шеберлігін көрсететін жері. Сондай-ақ, турнир барысында аймақтардағы спорттың даму көрсеткіші де белгілі болмақ", – дейді ұлттық құрама бас бапкері Жасталап Санауов. 

Бірінші жарыс күнінде жекелеген кумитэден жеңімпаздар анықталады. 

Екінші жарыс күнінде жекелей және командалық ката мен командалық кумитэден жекпе-жектер өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу