Атырауда "Қару" операциясы кезінде қырыққа жуық қару тапсырылды

931

Ал оқ-дәрі саны үш жарым мыңнан асады.

Атырауда "Қару" операциясы кезінде қырыққа жуық қару тапсырылды

Республика көлемінде жүргізіліп жатқан "Қару" операциясы барысында Атырау облысының тұрғындары полиция органдарына қырыққа жуық атыс қаруы мен үш жарым мыңнан астам оқ-дәрі тапсырды. Олардың бесеуі - иір ойықты, қалғандары тегіс ұңғылы қарулар. Ерікті түрде заңсыз сақтаудағы  атыс қарулары мен оқ-дәрілерді тапсыратын азаматтарға сыйақы ретінде республикалық қазынадан 3 миллион теңгеге жуық қаражат  бөлініп отыр.

"Азаматтарға сыйақы  ҚР Ішкі істер министрінің  "Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына бекіту туралы" бұйрығының талаптарына сәйкес төленетін болады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова. 

Айта кету қажет, ерікті түрде заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Акция мақсаты - халықтан заңсыз сақталудағы атыс қарулары,оқ дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу, сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз айналымдағы атыс қаруларын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу