Атырауда кәсіпкерлер үшін екпе ұйымдастырылды

564

Жаңа қаулының салдарынан ешкім жұмыссыз қалмауға тиіс. 

Атырауда кәсіпкерлер үшін екпе ұйымдастырылды

Атырауда кәсіпкерлерге арналған вакцинация күні өтті. Бұл шараны облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы жүзеге асырып отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, акцияға кәсіпкерлер ғана емес, олардың қол астында еңбек ететін қызметкерлері де қатысқан. Сөйтіп, бір күн ішінде шағын және орта бизнес саласының 30-ға жуық  өкілі  коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның I компонентін алды. 

"Өздеріңіз білетіндей, 6 қыркүйектен бастап ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің вакцина алмаған  адамдар жұмысқа  қосылмайтыны туралы қаулысы күшіне енді. Осыған байланысты, Атырау облысының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы өз қызметін кедергісіз жалғастыру үшін бизнес иелері мен олардың қызметкерлерін вацинациялауды ұйымдастырдық",– дейді Атырау облысы кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы директорының орынбасары Рафхат Бозбалиев. 

Атырау облысында қазіргі күні 50 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысаны тіркелген. Олар өңірдің 120 мың тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу