Атырау қалалық прокуратураның мәліметінше, әр түрлі бұзушылықтар бойынша 6 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мәселен, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері 200 шағын кәсіпкерлік субъектісіне берілген мемлекеттік гранттың игерілуін заңсыз тексергендігі анықталды.
Қала прокурорының қаулысы негізінде лауазымды тұлға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 175-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Тексерулердің күші жойылды.
Бұдан өзге өзге де уәкілетті органдар жүргізген 300-ден астам тексерістің күші жойылып, заңсыз деп танылды.
Қала прокуроры Аршат ТАЙТУЛЛИННІҢ айтуынша, оның ішінде есепшоттарға тыйым салу шаралары алынып тасталды, халыққа қызмет көрсету орталығының шағын бизнес субъектілерін тіркеуден заңсыз бас тарту және жер телімін кеңейту кезінде эскиздік құжат ұсынуды талап ету заңсыз деп танылып, оған тоқтау салынған.
Бұдан басқа, жылу және сумен жабдықтау қызметтері бойынша кәсіпкерлер үшін тарифтер 66 пайызға дейін төмендетілді. Тайтуллин, бұл бағытта жұмыстардың жалғасатынын айтады.
Айнұр САПАРОВА