Атырауда Каспий аймақтық мұнай-газ көрмесі басталды

826

Атырауда Каспий аймақтық мұнай-газ көрмесі басталды

Осымен 16-рет өткізілген көрмеге отандық және шетелдік жүздеген компания өкілдері қатысып жатыр. Қазақстан тауар өндірушілерін қолдау және шетелдік компаниялармен серіктестік қарым-қатынас орнатуда бұл шараның маңызы зор.

Сонымен қатар Қазақстанда мұнай-газ секторында жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларды бірлесіп игеруді діттеген келелі келісім де осы көрме аясында жасалуы тиіс. Атырау облысы – экономикасы қарыштап дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Өңірде бүгінде 600-ден астам орта және ірі кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

Республиканың өнеркәсібінде бұл кәсіпорындардың үлесі 24%-ға жуық, оның 35%-ға жуығына шетелдік капитал қатысады. Көрме аясында отандық компаниялар шетелдік әріптестерімен іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік алды.

Бүгінгідей нарық заманында бәсекеге қабілетті өнімге сұраныс жоғары. Өңірдегі алып кәсіпорындардың бірі – Атырау мұнай машинасын жасау зауыты. Кәсіпорын өңірде жұмыс істеп жатқан әлемдік деңгейдегі компаниялармен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Мұнай-газ көрмесімен қатар Атырауда 4-халықаралық инвестициялық форум басталды. Бұл өңірге ірі инвестор тартуға мүмкіндік береді. Өйткені сарапшылар әлемдік қаржылық дағдарысқа қарамастан биыл мұнай-газ өндірісі саласы үшін табысты жыл болады деген жорамал жасап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу