Атырауда қауіпсіздік белдігін тақпаған 6 мыңға жуық жүргізуші жазаланды

711

Ережені елемейтіндер көп, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.    

Атырауда қауіпсіздік белдігін тақпаған 6 мыңға жуық жүргізуші жазаланды Фото: azh.kz

"Атырау қаласының аумағында жыл басынан бері 6 мыңға жуық жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай заң бұзушылық Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Мәселен, орталықтың инспекторлары Қ.Сәтбаев көшесінің бойында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағанын тіркеді. Көлік жүргізушісінің кім екені анықталып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізушіге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 15 315 теңге айыппұл салынды.

Жүргізуші де, барлық жолаушылар да кез келген жағдайға қарамастан әр сапарда қауіпсіздік белдігін тағуға міндетті екенін ескертеміз", - дейді Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Дәурен Нәсиполла.

Сондай-ақ көлік терезесін заңсыз қараңғылаған 1,5 мыңға жуық жүргізушіге айыппұл салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу