Атырауда қауіпті инфекциядан 100-ге жуық жылқы қырылды

1535

Атырауда қауіпті инфекциядан 100-ге жуық жылқы қырылды

Атырау облысында қауіпті инфекциядан 100-ге жуық жылқы қырылып қалды, деп хабарлайды astanatv.kz.

Бүгінде 234 үй жануарының сақау ауруына шалдыққаны анықталған. Қазір олар мамандардың бақылауында. Дерттің ошағы Исатай ауданында тіркелген. Малдың жаппай дертке шалдыққаны туралы хабар аудандық ветеринария бөліміне хабарланған. Мал дəрігерлері ауырған жануарларды оқшаулап, емдеу шараларын жүргізіп жатыр.

Ветеринар дәрігерлер тарапынан ауру малдарды емдеу шаралары қолға алынған. Қазіргі таңда  комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жағдай жергілікті атқарушы билік өкілдері тарапынан бақылауға алынған, - дейді аймақтық байланыс қызметінің жетекшісі Серік Ерментаев.

Сақау ауруы - жылқыларда, əсіресе құлындарда кездесетін өткір инфекциялық дерт. Жануардың жұтқыншақ таңдайының кілегей қабығы қабынып, шықшыт асты лимфа түйіндері үлкейеді. Алқымы ісініп, танауынан ірің ағады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу