Атырауда қазақ күресінен ел чемпионаты басталды

717

Жарыста 700-ден астам палуан бақ сынап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Атырауда қазақ күресінен ел чемпионаты басталды

Қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы ел чемпионатынын Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен "Qazaq kuresi" қауымдастығы, Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп өткізіп жатыр.

Жарысқа еліміздің 17 облысы пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 700-ден астам балуан қатысуда. Ерлер арасында 55-100 келі және одан жоғары, ал әйелдер арасында 48-77 келі мен одан жоғары салмақ дәрежесінде мықты палуандар анықталады.

"Халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі – қазақ күресі. Спорттың бұл түрі өскелең ұрпақтың шымыр әрі білекті, дені сау болып қалыптасуына ықпал етеді. Қазір Атырау облысында да қазақ күресі кең қанат жайып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен жоғары спорт шеберлігі мектебінде арнайы секциялар жұмыс істейді. Қазақ күресімен тұрақты шұғылданатын атыраулық спортшылардың қатары 3500-тен асты", - дейді Атырау облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Жарыста үздік шыққандар келесі жылы өтетін Əлем жəне Азия чемпионаттарында Қазақстан намысын қорғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу