Атырауда кемелер шеруі өтті

1836

Шеруге құқық қорғау, табиғатты қорғау органдарының және шекара қызметінің 11 қайығы мен 17 шағын кемесі жұмылдырылды.  

Атырауда кемелер шеруі өтті

Атырауда "Бекіре-2019" ірі көлемдегі балық қорғау акциясының басталуына байланысты кемелер шеруі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шеруге құқық қорғау, табиғатты қорғау органдарының және шекара қызметінің 11 қайығы мен 17 шағын кемесі жұмылдырылды. 

"Бекіре-2019" жыл сайынғы ірі көлемдегі балық қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған су көліктерінің шеруі 1 сәуір күні таңғы сағат 10-да Балықшы ықшам ауданынан басталып, теңізге шығар бетке дейін жалғасты.

"Біз Каспий теңізінің жағалауы мен су айдындарында және Жайық және Қиғаш өзендерінің бойындағы стационарлық және мобильді бекеттер, жылжымалы жолдар тобын ұйымдастырдық. Барлық инспекторларға олардың қызметіне қатысты нақты нұсқаулар берілді, содан кейін олар тұрақты орындарына барды", – дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инпекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов.

Айта кетейік, "Бекіре-2019" ірі көлемдегі балық қорғау акциясы Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында 31 мамырға дейін жалғасады, ол Жайық-Каспий бассейнінде бекіре және басқа балық түрлерін сақтау бойынша шараларды күшейтуге бағытталған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу