Атырауда қоғамдық көліктер паркі 15 жаңа автобуспен толықты

1130

Атырауда қоғамдық көліктер паркі 15 жаңа автобуспен толықты

"Daewoo" маркасының жаңа автобусы Атырау қаласындағы "12" бағыты бойынша жолға шықты, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

22 қарашада 15 жаңа автобус "12" бағыты бойынша жолға шықты. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауидың айтуынша, облыс орталығы қоғамдық көлік тұжырымдамасын жүзеге асыруды жалғастыруда.

"Daewoo" маркалы жаңа автобуста 21 орындық бар, сондай-ақ жолаушылардың тұруына лайықталған 75 орынға есептелген. Әрбір жаңа қоғамдық көлікте электронды билеттерді сату жүйесі енгізілді, сондай-ақ Gps-трекерлері, нәтижесінде маршруттар арасындағы жылдамдықты және интервалды бақылауға болады.

"Егер бұрын "12" бағытында 10 автобус жүрсе, қазіргі кезде "Авангардтан" соңғы "Балықшы" аялдамасына дейін 15 автобус шығады. Ескі автобустар "2", "30" және "30а" бағыттарында жүретін болады. Біз барлық 15 орталық автобустардың жаңартылуын жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жүргізушілер жетіспеушілігі мәселесі шешілуде, бүгінгі таңда қалалық жұмыспен қамту орталығында жолаушылар көлігінің жүргізушілеріне деген сұраныс жалақының өсуінен кейін арта түсті, менің ойымша, жақын арада бұл мәселе шешімін табады,- дейді Мейірім Қалауи.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу