Атырауда қоғамдық көліктер паркі тағы 10 автобуспен толықты

1241

"Ankai" маркалы автобустар Қостанай қаласынан шығарылған.

 Атырауда қоғамдық көліктер паркі тағы 10 автобуспен толықты

Қала ішінде жолаушылар тасымалына арналған бұл автобустардың ұзындығы 8,5 метр.Сыйымдылығы 50 жолаушы.

Қостанай қаласынан шығарылған "Ankai" маркалы автобустар "Айс Транс Холдинг" мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілген.

"Облыс әкімінің тапсырмасымен қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қоғамдық көліктерді "Айс Транс Холдинг" мекемесіне сенімгерлік басқаруға беріп жатырмыз. Оның бесеуі №10 автобусқа, қалған бесеуі №20 автобусқа берілді. Автобустар қазіргі заман талаптарына сәйкес келеді. Ішінде арнайы салқындатқышы, мүмкіндігі шектеулі жандарға пандустар орнатылған, сондай-ақ, 4 бейне бақылау камерасымен жабдықталған", – дейді жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу