Атырауда қоғамдық тасымалмен айналысатын 100 шақты автобус жұмысқа шықпай қалды, деп хабарлайды КазТаг.
"Бүгін, маршрутты қолдану қызметі үшін бағаның көтерілуі мүмкін екендігінен, қоғамдық тасымалмен айналысатын 100 шақты көлік жұмысқа шықпай, бойкот жасады", - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Тасымалдаушылардың ақпарынша, автобустар үшін желіге шығу бағасы - Т3600, "ГАЗельдер" үшін - Т2000.
Тасымалдаушылардың бірі бұл соманы 15% көтеруге тырысқан, оған автопарк шығындары мен жалақы төлемдерін себеп ретінде келтірген. Оқиға орнына қала басшылығы, құқыққорғау органдарының өкілдері келді. Бағаның көтерілуі туралы шешім оқиға орнында алынып тасталды.
Жүргізушілер мен кондукторлар заңсыз алымдарға да шағымданған, құзырлы органдар бұл фактілерді тексеретін болады. Қазіргі таңда барлық автокөлік желіге шықты.
Қазір Атырауда 24 маршрут жұмыс жасап тұр – 15 қалалық және 9 қала маңындағы.
Еске салсақ, Атырау әкімдігі 2017 жылы "2017-2020 жылдарға арналған Атырау қаласындағы қоғамдық көлікті дамыту тұжырымдамасын" әзірледі. Әзірлеуге Т22 млн бөлінді.