Атырауда қойма меңгерушісі 2 380 000 теңгенің киімін қолды еткен

748

Атырауда қойма меңгерушісі қысқы киімдерді ұрлап отырған. Олардың жалпы сомасы 3 млн теңгеге жуық болып шықты, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Атырауда қойма меңгерушісі 2 380 000 теңгенің киімін қолды еткен

Атырау қаласы полиция басқармасына арыз түсіп, тергеу жүргізілгеннен кейін ұрлық дерегі мәлім болды. Мекемеде қойма меңгерушісі болып істейтін ер адам өзі жұмыс жасайтын мекемеге тиесілі 50 дана қысқы мезгілге арналған күртеше және 20 дана комбинезондарды қолды етіпті. Келтірілген залал құны 2 380 000 теңгеге бағаланып отыр. Күдікті – 38 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу