Атырауда көктемде салынған 590 шақырым бөгет облыстың теңгеріміне алынады

219

Аталған жұмысты атқару үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталған.

Атырауда көктемде салынған 590 шақырым бөгет облыстың теңгеріміне алынады Фото: ТЖМ

Енді оның сапасын тексеріп, облыстың теңгеріміне алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, Жылыой ауданындағы Құрсай каналы мен Жем өзенінің арнасын тереңдету жұмыс басталған.

"Құлсары қаласының аумағымен өтетін Құрсай каналының 32 шақырымы тазартылып, тереңдетілді. Мұндай жұмыс осы айда Жем өзенінде де басталды. Жалпы ұзындығы 55 шақырымды құрайтын жағалаудың 1,5 шақырымында тазартылып, арнасын тереңдету жүргізілді. Су арнасының жағалауында 58 шақырым қорғаныс бөгетін салу жоспарланып, оның 24 шақырымы тұрғызылды", – деді Серік Шәпкенов.

Облыс әкімінің айтуына қарағанда, су шаруашылығы саласындағы құрылысты басқару "Табиғат" кәсіпорнына жүктеліп отыр. Бұл – жаңадан құрылған кәсіпорын.

"Атырау облысында көктемгі су тасқыны кезінде 590 шақырым бөгет тұрғызылды. Енді оны облыстың теңгеріміне алу жұмысы жүріп жатыр. Көктемге дейін аталған бөгеттің сапасы тексеріледі. Көктемде тұрғызылған бөгеттің осал тұсы нығайтылады. Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы тереңдетіліп жатыр. Бұл жұмыс өзеннің су өткізу қабілетін арттыру мақсатында қолға алынды", – деді Серік Шәпкенов.

Оның дерегіне сүйенсек, Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінде де тереңдету жұмысы жалғасып жатыр. Ал, Махамбет ауданының Талдыкөл ауылын су тасқынынан қорғау үшін 3 шақырым бөгет тұрғызылған.

Алайда, елді мекенді алдағы көктемде болуы ықтимал су тасқынынан қорғау үшін бөгеттің 2,1 шақырымын қайта жөндеу қажеттігі туындаған. Сондай-ақ, бөгеттің 500 метріне уақытша қапшық салу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу