Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, көктемгі балық аулау маусымына 18 балық шаруашылығы кәсіпорны тартылды. Оның екеуі бекіре балығын өсіретін зауыттар.
"Жайық-Каспий бассейні бойынша биылғы көктемгі мауысымда табиғат пайдаланушылары 13 000 тоннаға жуық балық аулауға тиіс. Балық аулау маусымында 4500 жуық адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылады",– дейді балық шаруашылығы басқармасының басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу