Атырауда қоқысқа жеке бас құжаттары тасталған

976

Қазір оған жол берген жауапты адамдар анықталуда.

Атырауда қоқысқа жеке бас құжаттары тасталған

Атыраулық полицейлер қоқыс алаңына тасталған түрлі құжаттар мен мөрлердің, басқа да құнды қағаздардың қайдан болғанын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, құрылыстан шыққан қоқыс-қалдықтардың арасында жеке бас куәлігінің, төлқұжаттардың, азаматтардың арыз-шағымдары мен түбіртектердің жатқаны жөнінде жергілікті басылымдар жазған болатын. Олардың арасында кей құжаттың әрекет ету мерзімі әлі де жарамды болған.

Өз кезегінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Атырау филиалының баспасөз қызметі: "Біз құжаттардың көзін жоюмен айналыспаймыз, халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімделген құжаттар мен келіп түскен арыз-шағымдарды тиісті органдар мен ведомостволарға жолдаймыз. Оның үстіне, бізде жөндеу жұмысы жүріп жатқан жоқ, сондықтан, бұл құжаттардың бізге қатысы жоқ", - деп жауап берген.

Алайда облыстық полиция департаменті: "Тексеру барысында құжаттардың Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) Атырау филиалына тиесілі мұрағат екені анықталды. Олардың арасында Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде талап етілген қызметтік құжаттары мен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттары бар екендігі расталды", - деп отыр.

Сол сияқты, бұл жағдайға жол берген кінәлі тұлғалар мен қоқысты белгіленбеген жерде заңсыз төккен көлік жүргізушісі анықталуда. нақтылады Атырау облысының полиция департаменті.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу