Атырауда көлік қағып кеткен 8 жасар оқушы оқиға орнында көз жұмды

106

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Атырауда көлік қағып кеткен 8 жасар оқушы оқиға орнында көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

Атырау қаласында Әл-Фараби атындағы BINOM мектеп-лицейінің алдындағы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 8 жасар оқушы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ПД мәліметіне сүйенсек, оқиға 6 сәуір күні таңғы сағат 7:45 шамасында болған. Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 2018 жылы туған жеткіншекті Toyota Hiace автокөлігі қағып кеткен. Жүргізуші – 52 жаста.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты төмендетіп, аса мұқият болуға шақырады. Ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді", – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу