Атырауда көлік қаққан жаяу жүргінші қаза тапты

1040

Адам қаққан 23 жастағы жүргізушінің үстінен іс қозғалды.

Атырауда көлік қаққан жаяу жүргінші қаза тапты

Атырауда жаяу жүргіншілер өтпе жолында 40 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағда" Сәтпаев даңғылында болған. "Тойота" көлігінің жүргізушісі арнайы жолақпен өтіп бара жатқан жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам алған жарақатынан облыстық ауруханада көз жұмды.

"Тойота" көлігінің 23 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу