Атырауда мұнай және газ технологиялық колледжі ғимаратының шатыры жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"1949 жылы салынған екі қабатты ғимараттың ағаштан жасалған жабыны жанып кеткен. Өрт 1 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау 05:37-де ауыздықталып, 06:31-де сөндірілді. Ешкім зардап шекпеген. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өрт шыққан жерде ТЖД жедел тобының 4 қызметкері, ТЖД "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары" ММ 36 қызметкері мен 9 техникасы, "Атма-Аэропорт" АҚ 4 қызметкері, "Өрт сөндіруші" АҚ 4 адамы жұмыс істеді", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Колледждің ғимараты бос болған. Сабақтар басқа ғимаратта өтіп жатқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу