Атырауда концерт залының құрылысы қайта жанданбақ

601

Атырауда 11 жылдан бері тоқтап тұрған концерт залының құрылысы қайта жанданады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Атырауда концерт залының құрылысы қайта жанданбақ Фото: atpress.kz

Нысан құрылысын аяқтау үшін тағы 5 млрд теңге ақша керек. Орта жолдан тұралаған концерт залының бастапқы құны 3 млрд теңгеден асады. Жоба облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ісінен кейін аяқсыз қалған. Осы деректің аясында 2012 жылы мердігер мекеменің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір әлеуметтік маңызы бар ғимараттың тоз-тозы шыққан. Енді оны қайта жөндеу әкімдікке жүктеліп отыр. Жергілікті билік инвестор іздеп жатыр. Құрылыс құжатында кеткен қателік те жұмысқа қолбайлау болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу