Атырауда көп қабатты 44 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ

1283

Атырауда көп қабатты 44 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ

Бүгінгі күні Атырау облысы бойынша тозығы жеткен және апатты жағдайдағы 70 көп пәтерлі үй мен жатақханалар тіркелген. Оның ішінде тәуелсіз арнайы мамандандырылған мекемелерден 34 үйден тұруға жарамсыз екендігі туралы сараптама қорындысы алынған, деп хабарлайды atpress.kz.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жұмабай Қарағаев мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, тозығы жеткен тұрғын-жайлар мен жатақханаларды құлатып, тұрғындарды жаңа қонысқа көшіру облыстық мәслихат бекіткен "2014-2020 жылдарға арналған жоспар" негізінде жүзеге асып келеді. 

"Қазіргі таңда Береке және Нұрсая ықшам аудандарынан 44 көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланды. Құрылыс жұмыстары аяқталысымен апатты жағдайдағы үйлер тұрғындары көшіріліп, жұмыстар жалғасын табады. Аталған жоспар аясында өткен жылы тозығы жеткен апатты жағдайдағы 9 үй, яғни, 173 пәтер көшірілсе, 2015 жылы 98 пәтер, 2014 жылы 66 пәтер көшірілді", - деп атап өтті Ж.Қарағаев. 

Айта кетейік, қазір Құрманғазы ауданында 66 пәтерлі бір үй, Мақат ауданы бойынша бес үй апатты жағдайда. Сонымен қатар, Жылыой ауданында сегіз пәтерлі бір үй құлатуды қажет етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу