Атырауда көп қабатты үйдегі өрттен 35 адам эвакуацияланды

872

Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 10 адам және 3 техника жұмылдырылды.  

Атырауда көп қабатты үйдегі өрттен 35 адам эвакуацияланды

Атырауда көп қабатты үйдегі пәтер өртеніп, оқиға орнынан 35 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитеті.

4 қаңтар күні сағат 10:43-те құтқару қызметіне Датұлы көшесіндегі бес қабатты үй жанып жатыр деген хабар келіп түсті.

"Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жалынның 5-қабаттағы пәтерде тұтанғанын көрген. Ең алдымен осы үйде тұратын 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның ішінде сегізі бала. Сонымен бірге бесінші қабаттағы 1981 жылы туған ер адам автосаты арқылы құтқарылды. Қолданылған шаралар арқасында 5 шаршы метр аумақтағы өрт сағат 11:03-те сөндірілді" делінген хабарламада.

Тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу