Атырауда көпқабатты үйде газ құбыры жарылды

1386

Оқыс оқиғадан ешкім жардап шекпеген.

Атырауда көпқабатты үйде газ құбыры жарылды

Атырауда полицейлер өртеніп жатқан көпқабатты үйден 30 тұрғынды құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаментігінің дерегінше, 30 қаңтарда кешкі сағат 17:30-да Вокзал маңы, 3 мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында газ құбыры жарылып, өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Өрттің шыққанын полицейлер байқаған. Олар 30 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген. Сондай-ақ тәртіп сақшылары өртеніп жатқан пәтерде ұйықтап қалған ер адамды алып шықты", – деп жазылған хабарламада.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу