Кеше, 16 шілде күні сағат 17:28-де Атырау қаласы, Вокзал мөлтек ауданы, 5 ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде балконның жанып жатқанын анықтады.
Өрт кезінде баспалдақ арқылы 38 тұрғын (21 ересек, 17 бала) өз күштерімен эвакуацияланған.
Сонымен қатар дәліз бойын қою қара түтін басуына байланысты өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 6 адамды (3 ересек, 3 нәрестені) 2-ші қабат және 4-ші қабаттың тұрғындарын құтқарды.
Өрттің шығу себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ.
Қызыл жалынды сөндіруге Атырау облысы ТЖД 7 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.