Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақтан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық ПД сілтеме жасап.
Ер адамның мәйіті 6 маусым күні сағат 18:20 шамасында табылған.
"Атыраудағы "Береке" шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақта ер адамның денесі жатқаны хабарланды. Оның 1963 жылы туғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ер адамның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Полиция қызметкерлері тергеуді бастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу