Атырауда коронавирус инфекциясынан кешеден бері үш адам көз жұмды

653

Өңірде 1324 адам COVID-19 жұқтырып, оның 986-сы жазылып шыққан.

Атырауда коронавирус инфекциясынан кешеден бері үш адам көз жұмды

Атырау облысында екі күнде үш адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

Оның біреуі – 1972 жылғы Жылыой ауданының тұрғыны. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, марқұм 13 маусымда дене қызуының көтерілуі, тыныс алуы қиындығы мен аздаған жөтелге шағымданып, Жылыой ауруханасының провизорлық бөліміне жедел жәрдем арқылы жеткізілген. КТ сараптамасы жасалған соң, өкпесінің тең жартысының қабынуы анықталған. Жағдайының ауырлығына байланысты инфекциялық аурухананың бокс палатасына ауыстырылып, жасанды өкпе желдету аппаратына қосу туралы шешім қабылданады. Дәрігерлер тарапынан жасалған көмек деңгейіне қарамастан, науқас 15 маусым күні қайтыс болды. Бұған дейін денсаулығына байланысты есепте тұрмаған.

Өкінішке қарай, бүгін осы жұқпалы дерттен тағы екі адам өлімі тіркелді. 1965  жылғы ер адам  провизорлық стационарға түскенге дейін ауырып, бес күн өткен соң ғана емхананың медициналық қызметіне  жүгінген. Онда интосикация синдромы мен тыныс алу жолдарының жетіспеушілігі болған.  Соның салдарынан ауруханаға түскен сәттен бастап жағдайы  ауырлай түседі. 

Ал, қауіпті індеттен қайтыс болған үшінші ер адам  – 1963 жылы туған Құлсары қаласының тұрғыны. Қабылдау кезінде бұл науқаста да интоксикация синдромы, тыныс алу жеткіліксіздігі анықталған. Дәрігерлердің  барлық реанимациялық және емдік шараларды жүргізгеніне қарамастан, жағдайы жақсармаған.

Науқастардың  қорытынды диагнозы: КВИ, екі жақты полецегменттік пневмония.

15 маусым күнгі дерек бойынша, аймақта COVID-19 жұқтырған 1324 адам анықталған, оның ішінен жазылып шыққаны – 986.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу