Атырауда коронавирусқа қарсы күрес шараларына 1 млрд теңге бөлінді

573

Коронавирус инфекциясымен күреске республикадан 500 млн теңге қаржы бөлінді. Шамамен осындай сумма жергілікті бюджеттен де бөлінді.

Атырауда коронавирусқа қарсы күрес шараларына 1 млрд теңге бөлінді

Атырау облысында "Covid-19" жұқтырғандар саны 923 адамға жетті. Өкінішке қарай, бұған дейін облыс орталығы мен Теңіз кен орнында белең алып келген дерт енді аудандар мен елді мекендерге таралуда. жазылғандар саны – 233.

Аймақтағы ахуалға байланысты тиесілі сала мамандарымен бірге онлайн брифинг өткізген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд.теңгеден астам қаржы жұмсалғанын айтты.

"Коронавирус инфекциясымен күреске республикадан 500 млн теңге қаржы бөлінді. Шамамен осындай сумма жергілікті бюджеттен де бөлінді. Бұл қаражаттар мақсатты түрде жұмсалды. Бұл жерде демеушілердің, кәсіпкерлер сондай-ақ кәсіпорындар мен компаниялардың көмегі зор болғанын айта кету керек. Демеушілік қолдау нәтижесінде қажетті медициналық құрал-жабдықтар, жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмектер сатылып алынды.Қонақ үйлерде жатқан медицина қызметкерлері және карантинде жатқан азаматтар үшін жатын орындарының ақысы төленді, уақытылы тамақтандыру ұйымдастырылды", – деп мәлімдеді өңір басшысы.

Басқа да қолға алынған шаралардың қатарында – 180 инфекциондық орынның 540 орынға дейін көбейтіліп, бұдан бөлек үш жүз – провизорлық, екі мыңнан астам карантиндік орынның жасақталуы. Ал жергілікті кәсіпкерлердің бірнеше мәрте ұсыныс жасағанына қарамастан қаладағы базарлардың әзірге ашылмайтын болды. Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев түсіндіргендей, ол үшін инфекцияны жұқтыру деңгейі 7 пайыздан дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабына сәйкес 7 пайыздан төмендеуге тиіс.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу