Атырауда коронавирустан он үш дәрігер көз жұмды

1106

Олардың отбасына өтемақы төлене бастады.

Атырауда коронавирустан он үш дәрігер көз жұмды

Атырауда короновирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасына және індетті жұқтырған денсаулық саласы мамандарына өтемақы төлене бастады. Өңірде короновирус инфекциясы мен вирустық пневмонияны 650 медицина қызметкері жұқтырып, коронавирусқа қарсы күрес барысында 13 медицина қызметкері көз жұмған.

"Қазіргі уақытта 486 сала маманының құжаттары тексерістен өтті. Әзірге қайтыс болған екі медицина қызметкерінің құжаттары қаралып, комиссия шешімімен нақтыланды. Қалған қызметкерлердің құжаттары комиссияның келесі отырысында қаралады", – деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Айта кетелік, жұмыс кезінде ауру жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн.теңге көлемінде өтемақы төленеді. Ал, пандемиямен күрес кезінде қаза тапқан медицина мамандарының отбасына 10 млн. теңге берілмек. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.

Короновирус індетімен күресте қызмет етіп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемақы мен өтемақыны төлеу комиссиясы тұрақты жұмыс істейді. Бұдан кейін де жұмыс барысында ауру жұқтырды деп табылған жағдайлар  комиссия кеңесінде талқыланып, тіркелетін болады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу