Атырауда көшемен сүйреген ит Алматыға кетпек

1057

Оған Батыр деп ат қойып, асырап алып жатыр.  

 Атырауда көшемен сүйреген ит Алматыға кетпек

Атырауда 7 қаңтар күні иесі көлікке байлап, көшенің бойымен аяусыз сүйреген ит Алматыға жол тартпақ. Әрең аман қалған жануарды еріктілер емдеп-жазып, аяғынан тік тұрғызған.

"Бастапқыда ол бәрінен қорқатын, аяғын тік басып тұра алмайтын. Мейірбан кісілердің арқасында 800 мың теңге жиналып, біз онымен ветеринарлық клиникаға жиналып қалған қарызымызды жаптық, қажетті  азық-түлік пен дәрі-дәрмегімізді алдық", - дейді "Атырау қайырымды жүрек" волонтерлік ұйымының жетекшісі Венера Манасова. 

Расымен де, иттің жарақаты тым ауыр болған. Оған бірнеше екпе салынып, іріңдей бастаған жарасынан көшемен сүйрегенде кіріп қалған тастың қиыршықтарына дейін алынып, тазаланған. Соның бәріне төзіп, беті бері қараған итке еріктілер Батыр деп ат қояды. Енді Батырды асырап алуға ниеттенген жаңа иесі Алматы қаласынан табылып отыр. Айта кетейік, бұған дейін Атырауда басы тоңазытқышқа қысылып, қорлық көрген итті америкалық әйел асырап алып, Калифорния штатына алып кеткен еді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу