Атырауда көші-қон тәртібін бұзған 77 шетелдік анықталды

1086

Департамент бастығының бұйрығымен 2021 жылдың 24-28 мамыр аралығында Атырау облысы аумағында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.  

Атырауда көші-қон тәртібін бұзған 77 шетелдік анықталды

Жедел-шараның екі күнінің қорытындысы бойынша көші-қон заңдылықтарын бұзған 77 шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған шетелдіктерді қабылдаған 56 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 4 тұлғаға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

4 шетел азаматтарына қатысты ел аумағынан шығару туралы сот шешімдері қабылданды. 

12 еңбек мигранттарына жұмысқа рұқсаттары кері қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу