Атырауда ковид такси қызметі іске қосылды

690

Бұл тәжірибе еліміз бойынша алғаш рет Атырауда қолданылып отыр.  

Атырауда ковид такси қызметі іске қосылды

Айтап кетейік, ковид такси пневмония және коронавирустан үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға қызмет көрсетеді. Бұған дейін оның мұнайлы өңірде енгізілгелі жатқанын хабарлаған едік. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан білгеніміз, ковид такси әзірге тек түн мезгілінде қызмет көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта олардың санын санын көбейту жоспарланған.

"Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметіне түсіп жатқан шақыртулар өте көп. Ал ковид такси қызметі жүктемені азайтуға ықпал етеді. Ол толыққанды бригада сияқты медициналық қызмет көрсете алады" – деп түсіндіреді Атырау облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаева.

Сондай-ақ, ковид такси коронавирус, пневмонияға шалдыққандармен бірге, қызуы көтеріліп тұрған науқастардың шақыртуына да барады. Коронавирусқа шалдыққан науқас дәрігердің қабылдауынан шығып, үйіне жете алмай тұрған жағдайда да ковид такси қызметін пайдалана алады.

"Ковид таксидің бригадасы тек жүргізуші мен фельдшерден тұрады дегенмен, біздің қызметкерлеріміздің арасында да науқастанып жатқандар бар. Сондықтан, оның жүріп-тұруы үшін бар мүмкіндігімізді пайдалануға тырысып-ақ жатырмыз", – дейді Наргиз Баймолдаева.

Айта кетейік, ковид такси жүргізушілері базалық реанимациялық көмек бойынша оқытудан өткен, сол себепті, қажет жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Бұрын Атырауда тәулігіне 700-800 адам жедел жәрдем шақыратын болса, пандемия басталғады олардың саны шамамен 1300-ге дейін жетіп тұр.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу