Атырауда күйік шалған 2 жасар бала ауруханаға жеткізілді

440

Жедел жәрдемді негізсіз шақыртатындар көп.

Атырауда күйік шалған 2 жасар бала ауруханаға жеткізілді

Атырауда күйік шалған 2 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Балақайға дәрілер көмегі көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтың айтуынша, жедел жәрдем стансасына тәулігіне 700-ге жуық шақырту түседі.

"Сәрсенбіде, 16 тамыз күні түнгі сағат 23:00-ден бастап жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге шақыртуларға шықтым. Екінші шақырту "Вокзал маңы" шағын ауданынан түсті. Екі жасар баланы күйік шалғаны анықталып, бірден алғашқы көмек көрсетілді. Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген балаға тиісті көмектер көрсетіліп, емдеу орнына жатқызылды", -деп хабарлады Қайсар Абдалиев.

Оның айтуынша, жедел жәрдемді негізсіз шақыртатындар көп.

"Адам денсаулығын сақтауда әр минут маңызды екенін айтқым келеді. Сол себептен, жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауға шақырамын", -деп мәлім Қайсар Абдалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу