Атырауда құрамында ГМО көп азық-түліктер анықталды

1391

Ол ресейлік кәмпитте мөлшерден артық болып шықты.

Атырауда құрамында ГМО көп азық-түліктер анықталды

Биыл 50 өнімнің құрамындағы гендік түрлендірілген ағзаның (ГМО) мөлшерін тексерген Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ресейлік кәмпитте оның талапқа сай келмейтінін анықтады. Бұл өнім тиісті қаулы қабылданғаннан кейін барлық сауда орындарынан тәркіленбек, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл сайын тамақ қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде құрамында гендік түрлендірілген ағзасы бар азық-түлік өнімдеріне тексеріс жүргізеді. Биыл жыл басынан бері бұл тізімге сай 50 сынама сатып алынып, БҚО бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалына сынамалар жеткізіліп, зерттеу жұмыстары жүргізілген. Ол бойынша өнімдердің ішінен РФ Мәскеу қаласындағы "Красный октябрь" АҚ өндірген "Набор конфет с начинками с целым дробленным фундуком" атты кәмпит өнімінің құрамынан 3,5 пайыз ГТА анықталған, нормалық көрсеткіш бойынша бұл 0,9 пайыздан аспауы керек еді.

"Біз хаттама толтырып, соған сай қаулының қабылдануын күтіп отырмыз. Одан кейін өнім барлық жерден тәркіленеді", –Департаменттің техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бастығы Айым Қанатқызы.

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу