Қазақстанда Құрбан айт мерекесі кезінде Атырау мен Шымкент қалаларында блок бекеттер орнатылады, олар қала аумағында ешкімнің мал соймауын қадағалайды деген ақпарат әлеуметтік желі бетін шарлап жүр. Алайда, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанар Досымбаеваның айтуынша, бұл шындыққа жанаспайтын көрінеді.
"Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында 1 шілде мен 2 тамыз аралығында ірі қара мен ұсақ малдарды қалаға әкелуге тыйым салынады деп нақты айтылған. Оған сәйкес, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің полиция департаментіне, аумақтық инспекциясына 31 шілде сағат 00.00-ден 02 тамыз сағат 20.00-ге дейін Атырау қаласына кіре берісте мал әкелуге жол бермеу және жолын кесу бойынша бекеттер ұйымдастыру тапсырылды. Бірақ, адамдар мен көлік құралдарының қозғалысына ешқандай шектеулер жоқ және ол үшін арнайы блок бекеттер орнатылмайды", – деп нақтылады Жанар Досымбаева.
Құралай Қуатова