Атырауда құрылысына 3 млрд теңге бөлінген концерт залы сүріледі

581

Оның орнына жаңа шығармашылық орталық салынады. 

Атырауда құрылысына 3 млрд теңге бөлінген концерт залы сүріледі Фото: atpress.kz

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz atpress.kz сайтына сілтеме жасап.

Концерттік залдың іргетасы 2011 жылы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев кезінде қаланды. Оның құрылысына бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінді. Жұмыс тәулік бойы, белгіленген мерзімнен екі есе бұрын жүргізілді. Алайда 2012 жылы "Снабоилстрой" ЖШС иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, құрылыс тоқтатылды. 2014 жылы облыстық мәслихат құрылысты жалғастыру тиімсіз деген шешім қабылдады.

Осы уақыт ішінде құрылысы аяқталмаған ғимарат қаңырап бос тұрды. Темірбетон конструкциялары ескірген, болашақта пайдалануға келмейді.

"Концерт залы толығымен бұзылып, орнына жаңа шығармашылық орталық салынады. Қазір құрылысшылар мен салаға жауаптылар тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін қалада ашық ғимарат салынбақ", - деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетер болсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында Құрманғазы атындағы дарынды жастарға арналған мәдени-шығармашылық орталығын салуды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу