Атырауда құжатсыз жүрген төрт Қытай азаматы ұсталды

314

Шетел азаматтары қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Атырауда құжатсыз жүрген төрт Қытай азаматы ұсталды Фото: Polisia.kz

Атырау облысында құжатсыз жүрген төрт Қытай азаматы анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Атырау ПД-не сілтеме жасап.

"22 қараша күні сағат 10:30 шамасында Атырау қаласы Каспий ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру кезінде Қытай Халық Республикасының 4 азаматының жеке басын анықтайтын төлқұжаты жоқ екенін анықтаған", - делінген хабарламада.

Шетел азаматтары қабылдау-тарату орнына орналастырылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторлары жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу